Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде дәрігерлердің қабылдауына жазылу жеңілдейді

Жарияланған күні:

Дәрігер науқасты қарап жатыр
Дәрігер мен науқас. Көрнекі фото: Freepik

Қазақстандықтар енді жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандардың қабылдауына жазыла алады. Елімізде емханалардағы медициналық көмек көрсету стандарттары өзгереді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі емханада медициналық көмек көрсетуді жақсарту ұшін бұйрықтар мен стандарттарға өзгерістер енгізіп жатыр.

Министрлік мәліметінше, наурыз айынан бастап мыналар жоспарланған:

  • жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесін 42 зерттеуге қысқарту
  • олардың қолданылу мерзімін 10 күннен 14 күнге дейін және 1 айдан 3 айға дейін арттыру

Сәуір айынан бастап:

  • бейінді мамандарға тікелей жүгіну тәсілдері жетілдірілетін болады. Пациент мына жағдайларда жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандарға жүгіне алады:
  • шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;
  • шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;
  • дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;
  • тіркелген жері бойынша акушер-гинекологқа және психологтың қабылдаулары;
  • онколог және онкогематологтың қабылдаулары;
  • диспансерлік есепте тұрған пациенттерді кардиолог эндокринологтың, офтальмологтың, невропатологтың, хирургтің қабылдаулары;
  • оны тағайындау бойынша бейінді маманның қайта қабылдауы;
  • Жастар денсаулық орталықтарында мамандардың қабылдауы;
  • жылжымалы медициналық кешендер мен басқа да мобилді қызметтердің қызмет көрсетуі кезінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар сәуірден бастап динамикалық бақылау тәртібі және жалпы практика дәрігері мен бейінді мамандардың бірлескен жұмыс алгоритмі қайта қаралады, бұл мультидисциплиналық тәсілді қамтамасыз етеді.

Осы жұмыс аясында әрбір пациент үшін тексеру жеке айқындалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062258-elimizde-beiindi-maman-darigerlerdin-qabyldauyna-zazylu-zenildeidi/