Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 6 облысында жол жабылды

Опубликовано:

Қыс мезгілі, көлік
Көлік. Көрнекі фото: MarianVejcik / Getty Images

Республикамыздың 6 облысындағы 17 тасжолда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Абай ауданы – жалпы ұзындығы 1841 км болатын 6 автожол (температураның төмендеуі -30)

1. "Омбы – Майқапшағай" уч., Павлодар обл. шек. – Боғаз ауылы;

2. "Қарағанды ​​– Аягөз – Боғаз" уч., Қарағанды ​​обл.шек. – Боғаз ауылы;

3. "Алматы – Өскемен" уч., Аягөз қ. – ШҚО шек.,

4. "Өскемен – Семей" уч., ШҚО шек. – Семей қ.,

5. "Семей – Қайнар" уч., Семей – Қайнар а.,

6. "Семей – РФ шек." Семей – РФ шек. (дизельдік және қоғамдық көліктер үшін).

Шығыс Қазақстан облысы – жалпы ұзындығы 1238 км 7 автожол (ауа температурасы - 45°С дейін төмендейді, қар көшкіні қаупі бар)

1. Облыстағы барлық бағыт бойынша (қоғамдық көліктер мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған көліктер үшін);

2. "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахманов бұлақтары" – Берел а. – "Рахмановские ключи" шипажайы (көліктің барлық түрі).

Қарағанды ​​облысы – жалпы ұзындығы 103 км автожол (Абай ауданында ауа температурасының төмендеуі)

1. "Қарағанды ​​– Аягөз – Бұғаз" – Қарқаралы қ. – Абай ауд. шек. (қоғамдық көліктер мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін).

Қостанай облысы – жалпы ұзындығы 83 км автожол (Ұлытау өңіріндегі ауа райының нашарлауына байланысты).

1. "Жезқазған – Петропавл" – Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. (көліктің барлық түрі үшін).

Павлодар облысы – жалпы ұзындығы 160 км автожол (Абай облысында ауа температурасының төмендеуі)

1. "Омбы – Майқапшағай" уч. Кенжекөл ауылы – Абай ауд. шек. (қоғамдық көліктер мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін).

Ұлытау ауданы – жалпы ұзындығы 115 км автожол (қатты жел, ауа температурасының төмендеуі).

1. "Жезқазған – Петропавл" – Ұлытау а. – Қостанай обл. (барлық көлік түрі үшін).

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 557 бірлік техника мен 1277 адам жұмылдырылған.

Дереккөз: КТК арнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062278-aua-raiy-qolaisyzdygyna-bailanysty-qazaqstannyn-6-oblysynda-zol-zabyldy/

pixel