jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қоныстанбаса да, коммуналдық төлем жасауға мәжбүр: Талдықорғандағы баспана дауы

Пәтер іші
Пәтер іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Талдықорған тұрғындары жаңа пәтеріне көше алмай отыр. Олар кілтті желтоқсан айында алғанымен, екі айдан бері субсидияланған баспана жылу мен жарыққа қосылмаған. Бұл туралы Almaty.tv сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды

Пәтерге ешкім қоныс аудармағанымен, коммуналдық қызмет ақысын төлеуге мәжбүр екені айтылады.

Сондай-ақ жаңадан салынып жатқан үйдің сапасы да сұрақ туғызады. Тұрғындардың айтуынша, ғимараттың терезелері жарылып үлгерген.

Ал үйде әлі жылу, су, жарық жоқ.

"Біз қараша айынан бастап пәтер құжаттарын рәсімдей бастадық. 5 қаңтардан бастап коммуналдық төлемдерді төлеп жүрміз. Мұнда баспаналы болғандардың көбі - көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар. Бұл жаққа әлі көшуге болмайтындықтан, барлығы пәтерді жалға алуға мәжбүр", - дейді қала тұрғыны Дана Оспанова.

Пәтер иелері барлық кемшілікті түзетеміз деп тек уәде беріліп жатыр деп шағымданды.

"Олар жылу мен электр жарық береміз деп уәде берді. 15 ақпанда трансформаторлық қосалқы станция орнатамыз деді, бірақ орнатпады. Пәтер суық. Уәде беріп жатыр, бірақ іс жүзінде ешнәрсе жасалмады", - дейді қала тұрғыны Назира Тишебаева.

Жаңа пәтерлердің иелері коммуналдық жүйелерді орнатуды талап етіп, әкімдікке бірнеше рет хабарласқан.

Тұрғындардың жаңа үйінің әрлеу сапасына да көңілі толмай отыр. Мердігер санаулы күннің ішінде барлық ақауды түзетемін дейді.

"Құрметті 29-ғимарат тұрғындары, біз 2-3 күн ішінде мәселелерді шешеміз. Жалпы жағдай аптаның соңына дейін шешіледі. Ұсақ қателер бар, оларды түзеуге дайынбыз", - деді мердігерлік құрылыс компаниясының өкілі Бекасыл Отарғали.

Қоныстанбаса да, коммуналдық төлем жасауға мәжбүр: Талдықорғандағы баспана дауы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.