Қос азаматтығы үшін түркиялық Қазақстаннан шығарылды
Жарияланған күні:
Түркиялық қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды. Бұл фактіні ол Қырғызстанға бет алған кезде шекарашылар анықтады. Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мерке аудандық сотында азамат И.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Ақпан айында ол Қазақстан шекарасынан Қырғызстанға өткен. Сол кезде шекарашылар оның қос азаматтығы бар екенін анықтаған. Ер адам 2010 жылы Түркия азаматтығын алған, бірақ бұл факт туралы құзырлы органдарға дер кезінде хабарламаған.
Сотта азамат И. кінәсін мойындап, қазақстандық төлқұжаттан бас тарту қажеттілігі туралы білмегенін түсіндірді. Төлей алмайтындықтан, ол айыппұл салмауды өтінген.
Сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстаннан шығарылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарламау 200 АЕК (738 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062330-qos-azamattygy-usin-turkiyalyq-qazaqstannan-sygaryldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.