Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында өткен түнде кейінгі 20 жылдағы ең төменгі температура тіркелді

Опубликовано:

Аязды ауа райы
"Семей орманындағы" термометр. Фото: instagram.com/p/C3nSQrDNWjj

Абай облысындағы "Семей орманы" аумағында өткен түнде кейінгі 20 жылдағы ең төменгі температура тіркелді. Бұл туралы қорықтың Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Хабарланғандай, 2024 жылдың 21 ақпанға қараған түні Семей бөлімшесінің Батпаев орман шаруашылығында (Абай облысы Бородулиха ауданындағы Дусакен станциясының аумағы) термометр -55 градусқа дейін жеткен.

Тау-Дала бөлімшесінің "Большебукон" орман шаруашылығында (Абай облысы Көкпекті ауданы) -53 градус тіркелді.

"Айта кетейік, мұндай төмен температура қорықтың тарихында (2003 жылдан бері) болмаған. Табиғат жылнамасының мәліметі бойынша, осы жылға дейінгі ең төменгі температура 2018 жылдың 26 қаңтарында тіркелген. Ол кезде кей жерлерде ауа температурасы -50 градусқа дейін төмендеген", - деп хабарлады қорық өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Шығыс Қазақстан облысындағы ауа температурасы ең төмен болған фотосуретті Глубоковский ауданы Малубинка ауылының тұрғыны жіберген, термометр көрсеткіші -63 градусты көрсеткен.

Сондай-ақ Қазақстанда ауа райының қолайсыздығы мен аяздың салдарынан 20-ға жуық жол жабылғанын, олардың көпшілігі шығыстағы екі облыста болған.

Айта кетейік, Egov.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бірнеше ереже бар, олардың орындалуы қатты суықта үсіп қалмауға көмектеседі:

  • алкогольді ішімдік ішпеңіз - алкогольдік интоксикация жоғары жылу жоғалуына ықпал етеді, сонымен бірге жылу иллюзиясын тудырады;
  • суықта темекі шегуге болмайды - темекі шегу перифериялық қан айналымын төмендетеді және аяқ-қолдарды суықтың әсерінен осал етеді; кең киім киіңіз - бұл қалыпты қан айналымына ықпал етеді; киімнің қабаттары арасында жылуды сақтайтын ауа қабаты болатындай етіп киіңіз. Су өткізбейтін сырт киім киген жөн. Тығыз аяқ киім мен ұлтарақтың жоқтығы үсікке шалдыруы мүмкін. Аяқ киіміңізге жылы ұлтарақ салу керек, ал мақтаның орнына жүннен жасалған шұлық кию керек - олар ылғалды сіңіреді және аяғыңызды құрғатады. Қолғапсыз және орамалсыз суыққа шықпаңыз;
  • суықта металл (соның ішінде алтын және күміс) зергерлік бұйымдар тақпаңыз;
  • жаныңыздағылардың бет-әлпетін, әсіресе мұрнын, құлағын және бетін бақылаңыз, олардың түсінің өзгеруіне назар аударыңыз, олар да сіздің жағдайыңызды бақылауы керек;
  • үсіп қалған дене аймағыңыздың қайтадан қатып қалуына жол бермеңіз, бұл айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін;
  • аязда үсік шалған аяқтан аяқ киіміңізді шешпеңіз - олар ісініп, аяқ киімді қайта кие алмай қалсыз;
  • жылы бөлмеге тез кіру керек. Егер қолыңыз суық болса, оларды қолтық астына жылытып көріңіз;
  • үйге келгенде міндетті түрде аяқ-қолыңызды, арқаңызды, құлақ және мұрныңызда үсік шалмаған ба, соны тексеріңіз.

Қажет болса, үсікті емдеуді дереу бастаңыз. Уақытылы көмек көрсетпеу іріңдеуге және аяқ-қолдан айырылуға әкелуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062353-abai-oblysynda-otken-tunde-keiingi-20-zyldagy-en-tomengi-temperatura-tirkeldi/

pixel