Полицейлер астаналық жүргізушілерді жаңа камералар арқылы бақылай бастады (видео)
Жарияланған күні:
Астанада 21 ақпаннан бастап Ekin Patrol G2 мобильді аппараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталған 5 экипаж патрульге шықты, олар елорда жолдарындағы жүргізушілерді бақылайтын болады. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әкімдіктің Астана полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ekin Patrol G2 кешенінің қарама-қарсы және бір бағытта келе жатқан автокөліктердің жылдамдығын өлшеп, жылдамдықты асырған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салады.
Бұған қоса 360 градусқа жан-жағын шолып қарайтын панорамалық бақылау кешені арқылы іздеуде жүрген көлік құралдарын тануға болады. Бұл функция осындай автокөліктерді ұстауда жедел әрекет жасауға ықпал етеді.
"Кешеннің мобильді әрі көп функционалды болуы есебінен заңбұзушылықтарды тіркейтін стационарлық камералары жоқ көшелердің учаскелерінде шектен асырылған жылдамдық режимі тіркелетін болады. Жалпы енгізіліп жатқан бағдарлама жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуін бақылауға мүмкіндік береді", - дейді ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062443-policeiler-astanalyq-zurgizusilerdi-zana-kameralar-arqyly-baqylai-bastady-video/