Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лудоманияға шалдықтым": 400 млн теңге жымқырды деген мектеп есепшісі жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

сот отырысы
Сот отырысы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе қалалық сотының судьясы №55 мектептің бұрынғы бас есепшісін жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сотта лудоманияға шалдыққанын мойындаған есепші анасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе қалалық сотында мектептің бас есепшісіне қатысты "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу” бабымен қаралған қылмыстық іске үкім шықты.

"Оны айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Материалдық қызметке жауапты басшылық қызметті атқару құқығынан 10 жылға айырылсын. Жазасын өтеу орны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесі деп бекітілсін. Ақтөбе облыстық білім басқармасының азаматтық арызы негізінде 413 823 951 өндірілсін", - деді судья.

Қазына қаржысын алған есепшінің сотына Ақтөбе облысындағы 389 мектептің есепшісі мен директорлары онлайн қатысты.

Өз ісіне өкініш білдірген сотталушы соңғы сөзінде көңілі босап, анасынан кешірім сұрады.

"Мен тергеуге көмектестім. Өз ісімді жасырмадым, мойындадым. Мені қатаң жазаламауды сұраймын. Осы сәтті пайдаланып мен анамнан кешірім сұраймын. Үнемі жақсы ұл болуға ұмтылдым. Сіздің арқаңызда жақсы қыздың жүрегін жаулап, үйлендім, қазір екі немеренің әжесісіз. Бірақ мен лудоманияға шалдықтым. Мен өзімді ұстай алмай, жолдан тайдым. Енді сізді жылатпаймын. Кешіріңіз мені",- деді сотталушы

Іс материалына сүйенсек, ол 2015 жылдың наурыз айынан 2023 жылдың наурыз айы аралығында ауыр қылмыс жасады деп айыпталады. Сарапшы талдауы бойынша жалпы сомасы 413 822 951 теңге шығын келтірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062510-ludomaniyaga-saldyqtym-400-mln-tenge-zymqyrdy-degen-mektep-esepsisi-zeti-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel