jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада жаңа автобус бағыты іске қосылады

Астанадағы аялдама
Астанадағы аялдама. Фото: Астана қаласы әкімдігі

Ертең, 24 ақпаннан бастап "Астанаинерт" – "№4 өрт сөндіру бөлімі" аялдамалары аралығында №42 жаңа автобус іске қосылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Автобус бұған дейін қоғамдық көлік жүрмеген Тұран даңғылының Ұлы дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралықта қызмет көрсетеді.

Бағыт:

  • "Агроқалашық" тұрғын алабында Оқжетпес, Қарбышев, Мұса Жалел, Ақан сері көшелеріне;
  • Қараменде би Шакаұлы, Ш. Айтматов көшелеріне, "Шарын", "Мадрид" ТК;
  • "Жағалау" шағынауданында Ш. Айтматов, Сығанақ көшелері, "Brussels", "Жағалау-3", "Құлагер", "Шығыс", "Sat city", "Зеленый квартал" тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.

Сондай-ақ бағыт "ҚР ІІМ орталық госпиталі", "№2 қалалық көпсалалы аурухана", "№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы", "ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы" ауруханаларына қатынайды.

Айта кетейік, Тұран даңғылының Орынбор және Р. Бағланова көшелерінің арасы уақытша жабық болуына байланысты, бағдар Қабанбай батыр даңғылымен жүреді.

Астанада жаңа автобус бағыты іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.