jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

қыс мезгілі
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде дауылдық ескерту жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, 24 ақпанда Қызылорда облысының шығысында, орталығында, сондай-ақ кей уақытта Қызылорда қаласында тұман күтіледі.

24 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың таулы аудандарында бұрқасын күтіледі. Сонымен қатар өңірде солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

24 ақпанда кей уақытта Шымкент қаласында, түнде Түркістан қаласында тұман күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлаған едік.

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.