jitsu gif

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Қыс мезгілі
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет РМК ресми сайтында 25 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, елдің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

25 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте 25 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Түркістанда 25 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

25 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

25 ақпанда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

25-27 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 25-27 ақпанда күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 25-26 ақпанда облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 25 ақпанда күндіз, 26-27 ақпанда тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.