Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық сейсмологтар Алматыда бір айда 8 мыңнан астам жер сілкінісін тіркеді

Опубликовано:

Алматы
Алматы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда 23 қаңтардан бүгінге дейін 8 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелген. Оның тек 20-сы ғана тұрғындарға байқалған, деп хабарлайды сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсембаевтың айтуынша, бүгінгі жер сілкінісі кезекті дүмпу болды.

"Бүгін сағат 10:15-те жер сілкінісі тіркелді. Бірден айта кетейін, бұл жер сілкінісінің дүмпуі. 23 қаңтардан бастап, бүгінге дейін біздің сейсмикалық станциялар 8 мыңнан астам жер сілкінісі дүмпуін тіркеді. Оның 100-ден астамы магнитудасы 5 және одан да көп. Ал оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарға осының 20-сы ғана сезілді. Дүрбелеңге негіз жоқ", - деді Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсембаев.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жер сілкінісінен кейін аумақтардың зақымдануы, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысы бақылауға алынды.

Мониторинг нәтижесі бойынша жағдай тұрақты, барлығы қалыпты жұмыс істеп жатқаны атап өтілді.

"Қала тұрғындарынан 112 желісі бойынша 25 қоңырау түсіп, түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда деформация, шөгу немесе жарықшақтардың пайда болуы анықталған жоқ", - деп толықтырды ведомстводан.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062852-qazaqstandyq-seismologtar-almatyda-bir-aida-8-mynnan-astam-zer-silkinisin-tirkedi/

pixel