jitsu gif
Оқыс оқиға

    Түркістанда жекеменшік балабақшадағы жағдайдан кейін тәрбиеші жұмыстан босатылды

    тәрбиеші
    Балабақша. Көрнекі фото: pexels.com

    Әлеуметтік желіде Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған оқиғаның бейнежазбасы тарады. Видео сипаттамасында кішкентай бүлдіршін балабақшада ересек адамнан соққы алғаны айтылады. Баланың ата-анасы құзырлы органдарға шағымданған. деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан ересек әйел балаға дөрекілік танытып жатқанын байқауға болады. Видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

    "Балабақша қызметкерлерін арнайы тексеруден өткізіп барып қабылдау қажет" - деп пікір білдірген желі қолданушылары.

    Кейбірі мұндай қызметкерлерді қатаң жазалау керек дескен.

    Оқиға 21 ақпанда Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшада болғаны анықталды. Бір жарым жастағы баласының бетіндегі қызарған дақтарды байқаған анасы балабақшадағы бейнебақылау камерасын қарап шыққан. Түркістан облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тәрбиеші балаға қол көтермеген, тек жұлқылаған көрінеді.

    "Баланың бетінде қызарған белгіні байқаған ата-ана балабақшаның бейнебақылау камерасын қарап, баланы соқпағаны, алайда жұлқылағаны белгілі болды. Ата-ана бұл бойынша құзырлы органдарға шағымданды. Тәрбиеші өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды", - делінген хабарламада.

    Свежая публикация по теме:
    Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

    Автор: Жанар Пердешқызы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.