Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейнеудегі жаппай улану оқиғасының жай-жапсары белгілі болды

Опубликовано:

медицина қызметкері
Медицина қызметкері. Фото: KAZ.NUR.KZ

Маңғыстау облысында фастфудтан уланғандар саны 37-ге жетті. Астан ұшынғандар арасында сегіз бала мен екі жүкті әйел бар. Қазір 27 науқас жұқпалы аурулар ауруханасында ем-дом алып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, зардап шеккендердің бәрі Бейнеу ауданындағы фастфуд өнімін сататын дәмханадан кешкі ас ішкен. Бәрі көп ұзамай әлсіреп, жедел жәрдем шақыртқан. Қазір жеті науқастың жағдайы орташа ауыр, қалғаны бір қалыпты дейді дәрігерлер.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Санитария және гигиена талаптарын сақтамағаны үшін сотқа дейінгі медициналық сараптама тағайындалған. Сондай-ақ дәмханадағы азық-түлік пен тағамдардан сынама алынды. Науқастар нақты неден уланғаны зертхана қорытындысы шыққанда белгілі болады.

"Тергеп-тексеру жүргізілді, анализдер алдық, тамақ анализін, жұғындылар алдық, қызметкерлерден анализ алынды. Нәтижесі әлі шықпады. Жоспардан тыс тексеру тағайындап жатырмыз. Бұл нысан тамақты жеткізіп беріп отыратын қоғамдық орын деп айтып жатыр, бөлек тамақтану орны бар екен", - деді Маңғыстау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063132-beineudegi-zappai-ulanu-oqigasynyn-zai-zapsary-belgili-boldy/

pixel