Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында бір жарым ғасырлық тарихы бар шипажай жабылды

Опубликовано:

Бершүгір шипажайы
"Бершүгір" туберкулезге қарсы шипажайы. Видеодан скриншот: КТК телеарнасы

Ақтөбе облысында туберкулезге қарсы шипажайдың жабылуына байланысты Бершүгір ауылының 50 шақты тұрғыны жұмыссыз қалды. Олар оның қызметін қалпына келтіруді талап етуде. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бершігүрдегі бір жарым ғасырлық шипажай жабылып, елу қызметкер жұмыссыз қалған. Үш жыл бұрын Ақтөбе облысының шенеуніктері өкпесі ауыратындарды емдейтін орталықтың "қажеті жоқ" деп шешкен. Тау етегінде қаңырап бос қалған ғимараттарды он күзетші қарауылдап қалыпты.

"Осы шипажайда 31 жыл медбике болып жұмыс істедім. Ал үш жыл бұрын, наурыз айында, ол кенет жабылып қалды. Алайда ол ересектер туберкулезден кейін оңалтудан өтетін жалғыз шипажай еді. Қазір мұнда 10 шақты күзетші қалды. Қайта жұмыс істей ме, ол жағы белгісіз", - дейді Бершігүр ауылының тұрғыны Әлияш Тоғанова.

Ауылдағы туберкулезден емдейтін шипажай бір жарым ғасыр бұрын ашылған. Жалғыз ұлының дертіне дауа іздеген орыс көпесі 1860 жылы Мұғалжар тауына келеді. Осы жерде баласы ауруынан құлан-таза айығады. Кейін шипажай ашып, шетелдіктерге дейін осында ағылып келеді.

Алайда санаторий осыдан үш жыл бұрын жабылып, туберкулезден емдейтін орталықты Темір ауданына көшіріп жіберген. Қаңырап бос қалған алпыстан аса ғимаратты Шалқар әкімдігінің иелігіне аударыпты. Олар шипажай орнына не істерін білмей дал.

Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, соңғы 10 жылда туберкулез дерті екі есеге азайған соң, тау етегіндегі шипажайдың қажеті болмай қалған. Дегенмен барлығын жұмыспен қамтамасыз етеміз дейді.

"Кеңес кезінде Бершігүрдегі шипажай керек болды. Ол кезде эпидахуал ушығып тұрды. Туберкулезбен ауратындар көп, емдеу әдістері де бөлек еді. Қазір бәрі басқаша. Туберкулезді емдеуге мүмкіндіктеріміз мол. Сондықтан шипажайды Темір ауданындағы бұрынғы туберкулезге қарсы диспансерге көшірдік", - дейді Ақтөбе облысы фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің орынбасары Ерлан Ілиясов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063153-aqtobe-oblysynda-bir-zarym-gasyrlyq-tarixy-bar-sipazai-zabyldy/

pixel