jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

тұман
Көрнекі фото: Хабар 24

Ертең, 28 ақпанда, Қазақстанның 10 облысында ауа райы бұзылады. Осыған байланысты "Қазгидромет" РМК ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, сәрсенбі күні тұман түседі деп күтілуде:

Ақмола облысының батысында және оңтүстігінде;

  • Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында;
  • түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде;
  • түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде;
  • түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында;
  • Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Орал қаласында;
  • түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Ақтөбе қаласында;
  • Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында.

Сондай-ақ 28 ақпанда таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Сонымен қатар 27 ақпан сағат 21:00-ден 28 ақпан 21:00-ге дейін Өскемен және Риддер қалаларында екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты ескерту жарияланады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.