jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Каспий теңізі тартылып кеткені түсірілген видео жарияланды

Каспий жағасы
Каспий теңізі. Видеодан кадр: instagram.com/nurkentazhibay

Желіде Каспий теңізінің тартылып кеткені көрсетілген видео жарияланды. Теңіздің видеосын видеоблогер Нұркен Тәжібай түсірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоблогердің Instagram-дағы парақшасында жарияланған видеода теңізді әуеден түсірген кадрлар бар. Көріністен теңіз жағасының таязданғанын байқауға болады.

"Былтырға қарағанда теңізіміз алысқа кетіп қалыпты ", - делінген жазбада.

Айта кетейік, бұған дейін ақтаулық блогер Каспий теңізінің тартылып жатқанын көрсеткен болатын.

"ҚазақТеңізКөлікфлоты" ҰТКҚК Facebook-тегі ресми парақшасының мәліметі бойынша Каспий теңізі – Еуропа мен Азияның кіндігінде орналасқан. Ол жер бетіндегі ең алып тұйық көл болуымен де ерекшеленеді.

Каспий теңізімен бес мемлекет шектеседі. Олар: Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан, Иран. Сонымен бірге теңіз жағасында 13 қала орналасқан. Әзербайжанның 6 қаласы, Қазақстан, Ресей, Иран елдерінің 2 қаласы және Түркіменстанның 1 қаласы бар.

Каспий теңізі тартылып кеткені түсірілген видео жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.