Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"200 бастан астам": Ақмола облысының 4 ауданында мал аштан қырылып жатыр

Опубликовано:

Жылқы
Аштан қырылған жылқылар. Видеодан кадр: КТК арнасы

Ақмола облысының төрт ауданында қарды тұяғы мен арши алмаған 200 бастан астам жылқы аштан қырылған. Алдындағы малынан айырылған шаруалар билік өкілдерінен көмек сұрауда, деп хабарлайды КТК арнасы.

КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, қыстақтағы малды ауылға жеткізуге жол жоқ. Белуардан келетін қалың қар қыста жауған жаңбырдан сіресіп, қатып қалған. Сол себепті тебіндегі жылқы азық таппай, аштан өліп жатыр. Алдындағы малынан айырылған шарасыз шаруалар әкім-қаралардан жалынып көмек сұрап отыр.

"Сіздерден көмек сұраймыз. Облыс аппараты неге төтенше жағдай жарияламасқа? Тым болмағанда жолдарды ашып бергенде, мына жаққа техника жіберуге болмайды. Ақша, азық сұрап жатқан жоқпыз. Өзіміз сатып аламыз. Қаншама халықтың малы бар. Биыл қыс сондай қатты болып жатыр. Жалғыз менде емес, көрші ауылдардың бәрінде мал қырылып жатыр", - деді шаруаның бірі Қайрат Бегалин.

Арна мәліметіне сүйенсек, Аңғал батыр ауылынан 20 шақырым жерде ғана жайылған жылқыны ауылға жеткізуге жол жоқ. Әбден ашыққан мал көтерем болып құлап, қар астында қалған. Биелер құлын тастап, төл басы кеми түскен.

Арна мәліметінше, Біржан сал ауданының әкімі бір емес, екі рет жол аштық деп тұр. Қынадай қырылған жылқылардың аурудан емес, аштан өліп жатқанын мал дәрігерлері де растап отыр.

"Мал шығыны бар екені рас. Ол біздің 4 ауданда тіркеліп отыр. Біздің мәліметіміз бойынша, мал шығыны 200 бастан асып кетті. Аурудың ешқандай белгісі жоқ. Мал аштан қырылып жатыр. Оны сараптама жүзінде дәлелдеп бере аламыз. Мал аштан қырылып жатыр. Соған кезде ішінде қардан басқа ештеңе жоқ", - деді Ақмола облысы ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063593-200-bastan-astam-aqmola-oblysynyn-4-audanynda-mal-astan-qyrylyp-zatyr/

pixel