Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа уақыт белдеуі: жолаушылар тасымалында не өзгереді

Опубликовано:

Әуежай
Астана әуежайы. Фото: Көлік министрлігінің Telegram-дағы арнасы

Қазақстанда жаңа уақыт белдеуіне байланысты тасымалдаушы компаниялар тарапынан жолаушыларға тиісті хабарламалар жолданып жатыр. Тасымалдаушы компаниялардың ресми сайттары мен парақшаларында толық мәлімет беріледі, деп хабарлайды 24.KZ телеарнасы.

29 ақпаннан наурыздың 1-іне қараған түні ел аумағында бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Соған орай мегаполистер мен 12 облыста уақыт көрсеткіштері бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.

Телеарна мәліметінше, қызмет көрсету, жолаушылар тасымалында өзгерістер болады. Сапар бойынша өзекті мәліметтерді көрсетілген анықтамалық қызметтер мен call-орталықтардан білуге болады. Бұған қоса тасымалдаушылар тарапынан жолаушыларға тиісті хабарламалар жолданып жатыр.

"Көлік министрлігінде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге дайындық мәселелері жөнінде кеңес өтіп, жолаушыларды уақытылы хабардар ету және билеттерді брондау әрі сату бойынша жүйелерді жаңарту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылған болатын.

Бүгінгі таңда теміржол көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне сәйкес барлық жолаушы пойызына билеттерді сату жүзеге асырылып жатыр. Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында әуе компаниялары ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жолаушыларға барынша ақпараттық қолдау көрсетіп жатыр", - деді Көлік министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063626-zana-uaqyt-beldeui-zolausylar-tasymalynda-ne-ozgeredi/

pixel