Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миллион бауырсақ пен құрт": шымкенттіктер Алғыс айту күнін ерекше атап өтіп жатыр (видео)

Опубликовано:

Бауырсақ
Шымкентте бауырсақ таратуда. Фотосурет: otyrar.kz/

Шымкентте Алғыс айту күніне орай миллион бауырсақ пен құрт таратылды. Бұл туралы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шымкентте Алғыс күні таңертеңен бастап тойланып жатыр. Қаланың бірнеше жерінде тұрғындарға бауырсақ пен құрт таратылған. Саны шектеулі, бірақ тұп-тура миллион бауырсақ.

Хош иісті ыстық бауырсақты қыз-келіншектер қауымы түні бойы пісіріп, таң ата қаланы атарбаменаралап, таратқан. Осылайша оңтүстік тұрғындары көктемнің алғашқы күні мен алғыс айту күнін тойлауды жөн көрді. Алғашқы дәм татқандар қуанып, өз пікірін білдірді.

"Бауырсақ таратылатынын білмедім. Әрине, көңіл қуантады. Тұрғындарға деген құрмет пен алғыс ретінде сезілді. Рақмет, өте қуаныштымын. Бұл акцияны бәрі бірдей көрмеуі мүмкін, сондықтан ерекше сезімдемін, өйткені бүгін жолым болды. Күнім жақсы басталды", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Милана.

Сондай-ақ Желіде Шымкент қаласында Алғыс айту күнін ерекше атап өтіп жатқаны түсірілген видео да тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063951-symkentte-million-bauyrsaq-pen-qurt-taratyldy/

pixel