jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты ХҚКО-лар кідіріспен жұмыс істеп жатыр

ХҚКО қызметкерлері
ХҚКО қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты Қазақстанда 1 наурыздан бастап арнайы ХҚКО-лар кідіріспен жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкіметке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысындағы үзілістер туралы NUR.KZ тілшісіне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жүйесінің уақытша қалыпты жұмыс істемей жатқанын хабарлаймыз.

Мамандар мәселені шешумен айналысуда. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бүгінде көптеген қазақстандық цифрлық құжаттарда қателіктер барын айтып, жаппай шағымдана бастаған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.