Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда кейінгі 100 жылда сағат тілі қанша рет ауысқан

Опубликовано:

Сағат және әйелдер
Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Географиялық тұрғыда 4 уақыт белдеуінде орналасқан Қазақстанда соңғы 100 жылда сағат тілі 12 рет ауысқан екен. Осылайша, 2000 жылға қарай тек екі белдеу қалған, деп хабарлайды 24.KZ.

1 наурыздан бастап барлық өңір бірыңғай уақыт белдеуіне көшті.

Телеарна мәліметінше, сарапшылар тиімділігін дәлелдеп, бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді. Нәтижесінде біздің уақыт Еуропаның уақыт белдеуіне бір сағат жақындап, Қытайдан бір сағатқа алыстады. Сағат тілі бір сағатқа кері шегерілді. Өзге өңірлермен салыстырғанда, ел шығысындағы екі облыста таң ерте атып, күн ерте батады.

Сағат тілін кері жылжытудың мәнісін биотехнолог Әмір Қуат жақсы біледі. Жас ғалым 13 жасынан бастап осы саланы зерттейді. Айтуынша, мұның маңызы зор. Анығында Шығыс Қазақстанның көп бөлігі о бастан UTC+5 белдеуіне жатады екен.

"Қазақстанның қателеспесем 67 пайыз аумағы өзінің уақыт белдеуінде орналаспаған. UTC +6 жасанды түрде 67 пайыз территорияға созылып кеткен. Сондықтан негізінен бұл адамдарға табиғи уақыт белдеуін қайтарып беру болып отыр", - дейді биотехнолог Әмір Қуат.

Мамандардың пікірінше, бірыңғай уақыт белдеуі әлемнің 175 мемлекетінде енізілген. Экономикалық тиімділігі әлдеқашан дәлелденген. Мұны отандық сарапшылар да жоққа шығармайды.

"Қазақстан бойынша экономикалық жағдайға тиімді деп саналады. Себебі Батыс Қазақстанның, батыс өңіріндегі облыстармен қалған облыстар бір сағат жүйесінде жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар бұл жерде табиғи сағат ритмі есепке алынды", - дейді облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Әсем Жақсыбаева.

Бір жағы адамның қоршаған ортамен үндестігі реттеледі, дейді зерттеушілер. Мамандар денсаулыққа әсіресе бала ағзасының дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064041-qazaqstanda-keiingi-1-gasyrda-sagat-tili-qansa-ret-auysqan/

pixel