jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Ұнаса билей беремін": 50 жастағы алматылық автобус жүргізушісі желіде биімен қалай танымал болды

Cаттар Исламбеков
Cаттар Исламбеков. Видеодан кадр: www.youtube.com/@novostikazahstana

Алматы қаласының тұрғыны, автобус жүргізушісі Саттар Исламбеков желіде биімен жұлдызға айналған. Бүгінде 50 жастағы азамат түрлі кәсіпті жарнамалап қаражат тауып жүр екен, хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сегіз немересі бар атаның би қимылдары желіде трендке айналған.

"Бала кезімде шетелдің билеріне қызығатын едім. Әскерден демалысқа келгенімде жаңа жылдық сайыс болды. Сол кезде мен өзбек биінен бірінші орын алған едім. Өзім биге жақынмын. Ол кезде інімнің тойы болған. Сол інімнің тойында біреу видеомды желіге салып жіберген ғой. Мен оны білмегенмін де, қарамағанмын да", – деді Саттар Исламбеков.

Сол видеодан кейін алматылықтың желіде жұлдызы жанып, танымал бола бастаған.

"Құда құда деп, осы құдам жарады деп қояды. Көпшілік 50-ден асып қылық шығарып жатыр, бірі "жарайсың" дейді. Мен бір биді көрсем, ол маған ұнаса мен билей беремін. Жұмыстан қайтып келе жатамын ғой көлігіммен. Адамның бәрін тастап паркке қарай қайтып келе жатқанда музыкамды қосып қоямын да автобуста билеп келемін", – деп қосты автобус жүргізушісі. 

Саттар Исламбеков енді желіде кәсіпкерлердің тауарларын да жарнамалап та табыс тауып жүр екен.

"Ұнаса билей беремін": 50 жастағы алматылық автобус жүргізушісі желіде биімен қалай танымал болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.