Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін әуежай қалай жұмыс істеп жатыр

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әуеде ұшып бара жатқан ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің өкілдері Алматыда жер сілкінісінен кейін әуежай қалай жұмыс істеп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматы халықаралық әуежайы жер сілкінісінен соң әуежайдың барлық қызметі қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Ұшу-қону жолағы мен перрон тексеріліп, ешқандай зақым анықталмаған", – деп хабарлады әуежайдан.

Еске салайық, 4 наурызда сағат 11:22 де Алматыда қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылған болатын.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағындағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде тіркелген.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 6,1. Тереңдігі – 10 км. Қалада 5 балдық жер сілкінісі сезілді. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті сағат 11:22-де сирена-дыбыстық сигнал дереу іске қосылып, радиоарналар мен телеарналардан хабар таратылғанын мәлімдеді.

Кейін ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты ақпарат жариялаған болатын. Ведомство ақпары бойынша, Алматыда жер сілкінісі 5 балл болып сезілген.

Жер сілкініп, сирена қосылғаннан кейін алматылықтар жаппай далаға шығып жатқаны хабарланған еді.

Бұл ретте Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түспегенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064328-almatydagy-zer-silkinisinen-keiin-auezai-qalai-zumys-istep-zatyr/