Әкімдік өкілдері Алматыда ғимараттарға айтарлықтай зақым келмегенін хабарлады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мегаполисте болған жер сілкінісінен кейін ғимараттарға зақым келген-келмегені жөнінде айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"4 наурыз сағат 12.50-дегі жағдай бойынша Алматыда ғимараттарға айтарлықтай зақым келген жоқ. Тұрғындарды қабылдау үшін 384 пункт құрылды. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардағы көзге көрінетін зақымдалған жерлер туралы келіп түскен өтініштер негізінде әрі қарай әрекет ету шараларын анықтау үшін комиссиялық тексеру ұйымдастырылады", - деді Әлішер Әбдіқадыров.
Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22 де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.
ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.
Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.
Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064354-akimdik-okilderi-almatyda-gimarattarga-aitarlyqtai-zaqym-kelmegenin-xabarlady/