jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Алматыда 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр

Патрульдік полиция
Патрульдік полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Фото: t.me/POLICE_of_KZ/11853

Алматыда жол жағдайы патрульдік полицияның тұрақты бақылауында. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

Алматыда жол жағдайы тұрақты және бақылауда: бағдаршамдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қаланың негізгі көлік артериялары қолмен реттеуге көшті.

  • Ата-аналардың бір мезгілде балаларын үйлеріне алып кетуіне байланысты, қаладағы мектептер мен балабақшалар аумағында көлік қозғалысы көбейген. Бұл азғантай кептеліс әдеттегі мәселе ретінде шешілуде;
  • Алматыдан барлық бағыттар бойынша шығатын жол ашық, көлік ағынының өткізуі қалыпты режимде жұмыс істеуде.
  • Жанармай құю бекеттеріндегі жағдай да тұрақты: көлік кептелісі жоқ.

Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Алматыда 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.