Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі күтілмейді

Опубликовано:

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: Furchin/Getty Images

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті жақында қалада жойқын жер сілкінісі болмайды деген болжам жасалғанын айтты. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сейсмикалық бақылау мен зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы алдағы күндері Алматы аумағында қатты жер сілкіністері күтілмейді деген қорытындыға келді.

"Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылғы 4 наурызда 12:20-да Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.

4 наурызда сағат 11:22-де (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды", - делінген хабарламада.

Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды.

"Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70 пайыз күтілмейді деген қорытындыға келді.

"Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады.

Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді", - деді ведомство өкілдері.

Еске салсақ, Алматыда қатты жер сілкінісі болды.

Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064393-almaty-bolzamdy-poligonynyn-aumagynda-70-paiyz-kusti-zoiqyn-zer-silkinisi-kutilmeidi/

pixel