Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған адамның ісі сотқа неліктен басқа баппен түсті

Опубликовано:

Қылмыстық іс құжаттары
Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасау фактісі бойынша іс сотқа түсті. Қылмыстық іс "Бұзақылық" бабымен қаралады. Өңірлік полиция департаменті күдіктіге қатысты бап неліктен жеңілдетілгенін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ақпаратынша, Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты қылмыстық іс бастапқыда бұзақылық мақсатында денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша қозғалған.

1 ақпанда күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алайда сот-медициналық сараптама жәбірленушінің жарақаты жеңіл дәрежеде екенін анықтады.

Осыған байланысты күдіктінің әрекеті "Бұзақылық" бабы бойынша сараланды.

"21 ақпанда қылмыстық іс айыптау қорытындысымен прокурорға жіберілді, ол шешімнің заңдылығын тексеріп, күдіктіні сотқа берді", - деп түсіндірді полициядан.

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылуы

27 қаңтарда желіде Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан сәтінен видео тараған еді. Өңірлік полиция өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады.

Кейін оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдіріп, зардап шегушінің жағдайын айтты.

Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдірді.

29 қаңтарда күдіктіге іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев жедел-жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер дамды тез арада табуды және оның сотын ашық жүргізуді талап етті.

1 ақпанда Бас прокуратура күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Кейінірек Ішкі істер министрлігі күдіктінің ұсталған сәтінен видео жариялады.

Ал 2 ақпан күні жарақат алған жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан ер адамды сотқа бермейтінін айтып, "хайп қуды" деп айыптағандарға жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064470-qaragandyda-zedel-zardem-zurgizusisin-urgan-adamnyn-isi-sotqa-nelikten-basqa-bappen-tusti/

pixel