Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда 8 наурызда қыз-келіншектер автобуспен тегін жүреді

Опубликовано:

Автобус внутри
Автобус. Фото: пресс-служба акимата Астаны

Ақтау қаласында 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай қалалық қоғамдық көліктерде қыз-келіншектер, аналар, әжелер жол ақысын төлемейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақтау қаласы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ақтауда 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай қалалық қоғамдық көліктерде қыз-келіншектер, аналар, әжелер жол ақысын төлемейді. Яғни оларға жол жүру тегін болады", - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік мәліметінше, Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерінің айтуынша, нәзік жандылар №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустарында тегін қатынай алады. Қоғамдық көлік өзінің тұрақты кестесіне сәйкес сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.

Айта кетейік, Қарағанды облысында 8 наурызға орай 22 мыңға жуық әйелге біржолғы ақшалай көмек берілетінін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064574-aqtauda-8-nauryzda-qyz-kelinsekter-avtobuspen-tegin-zuredi/

pixel