Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8 наурыз қарсаңында Алматыда митинг өтеді

Опубликовано:

Алматыдағы Ганди саябағы
Алматыдағы Ганди саябағы. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

7 наурызда Алматыдағы Махатма Ганди саябағында "Әйелдердің лайықты өмірі үшін" атты митинг өтеді. Бұл туралы қоғам белсендісі Бибінұр Шералиеваның Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қайырлы кеш достар! Біз Алматы қаласының әкімдігіне 7 наурыз күні М.Ганди саябағында "Әйелдердің лайықты өмірі үшін. За достойную жизнь женщин!" тақырыбында митинг өткізуге хабарлама берген болатынбыз.

Біздің берген хабарламаға әкімдік тарапынан митинг өткізуге рұқсат берілді деген жауап алдық", - деп жазған қоғам белсендісі.

Ол осыған байланысты 7 наурызда сағат 12:00-де М.Ганди саябағында өтетін іс-шараға қатысуға шақырды. Оның сөзінше, митинг барысында қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері көтеріледі. Сонымен қатар әйелдердің лайықты өмірі үшін қажетті талаптар айтылады.

Айта кетейік, бұған дейін NotExtremists бақылау тобы Алматы, Астана, Қостанай, Көкшетау, Ақтөбе және Қарағанды әкімдіктері белсенділердің өтінішін кері қайтарғанын хабарлаған еді.

Әкімдіктер берген ресми жауабында митинг өткізу ұсынылған жерлерде басқа шаралар өтетіні айтылған. Осыдан кейін әйелдер шеруін өткізуге жалғыз адамдық пикеттер өте бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064591-8-nauryz-qarsanynda-almatyda-miting-otedi/

pixel