Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысының тұрғындары екі күннен бері жылусыз отыр

Опубликовано:

Жылыту батареясы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысында Молодежный кентінің тұрғындары 2 күннен бері жылусыз отыр. Пәтерлерде ауа температурасы -11-12 градусқа дейін төмендеп кеткен. Тұрғындар "қазандық жөнделіп, құрал-жабдықтар ауыстырылды" деген әкімдіктегілердің сөзіне сенбейтінін айтып, шағымын әлеуметтік желіде жарыса жазды, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Қарағанды облысының тұрғындары жылу қазандықтарын тексеру үшін Үкіметтен арнайы комиссия шақыруды көздеп отыр.

Кейбір азаматтар үйін тастап, туыстарын паналауды жөн көрген. Ал амалсыз қалың көрпеге оранып, қосымша жылытқышты қосқан тұрғындар жылу мен тоқ көзі үшін де ақша төлейтінін айтып, дабыл қағуда.

"Қазандыққа қатысты айтар болсақ, бүгін таңертең тағы ақау болды. Халыққа ескертілді. Дегенмен, конвейер қайтадан істен шығып, кедергілер туындады. Қазір барлық жөндеу жұмысы аяқталды, қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр. Жылу беруді арттырып жатырмыз", – деді Молодежный кентінің әкімі Қарлығаш Шалабаева.

Үйі салқындап, баспанадан береке қашқан тұрғындар жылу қазандықтарын тексеру үшін Үкімет арнайы комиссия шақыруды көздеп отыр. Шахтинск қаласындағы апатты жағдай қайта кешеміз бе деп алаң қылған жұрт аязды былай қойғанда, көктемгі ызғарға төтеп берер күш қалмағанын айтты.

"Қазандықтардағы конвейердегі шынжырлар үзіліп кетті. Он қазандық жұмыс істеп тұр.  Қазіргі таңда ақаулар жойылды, штаттық режимде жұмыс істеуде жалғасуда", – деді Осакаров ауданы ТҮКШ, Жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Саят Бекембаев.    

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064697-qaragandy-oblysynyn-turgyndary-eki-kunnen-beri-zylusyz-otyr/

pixel