Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурыз айындағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Опубликовано:

ХҚКО
ХҚКО. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда ХҚКО-лар мен мамандандырылыған ХҚКО-лардың наурыз айындағы жұмыс кестесі белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап хабарлайды.

"8 наурыз мерекесіне байланысты бұл күні Қазақстанда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Наурыз мерекесінде, яғни 21-25 наурыз аралығында да орталықтар азаматтарды қабылдамайды.

Дегенмен, кезекші орталықтар сенбіде, яғни 9 наурыз және 25 наурызда сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

"Азаматтарға арналған үкімет" мәліметінше, халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

"Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 телефоны арқылы білуге болады", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064830-nauryz-aiyndagy-mereke-kunderi-xqko-lar-qalai-zumys-isteidi/

pixel