Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франкфурт әуежайындағы ереуілге байланысты Астанадан Германияға рейстер болмайды

Опубликовано:

Ұшақ әуеде ұшып барады
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Франкфурт әуежайындағы ереуілге байланысты Астанадан ұшатын рейстер орындалмайды. Бұл туралы Air Astana компаниясының ресми Telegram-арнасында хабарланды.

"Германияға және Германиядан ұшатын жолаушылар назарына. Air Astana 2024 жылдың 07 наурызында Франкфурт әуежайында авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуілі салдарынан KС921/KС922 Астана-Франкфурт-Астана рейстерінің орындалмайтыны туралы хабарлады. Осы рейстердің жолаушыларына тиісті SMS-хабарламалар жіберілді", - делінген хабарламада.

Бұл рейстердің жолаушыларына сервис ақысынанан басқа билеттің пайдаланылмаған бөлігін толық қайтару, сондай-ақ билеттің құнын толық қайтару немесе 2024 жылдың 14 наурызына дейін орындалатын рейстерге айыппұлсыз қайта брондау қарастырылған.

"Әуекомпанияға байланысты емес себептермен рейстердің орындалмағанына және соның солдарынан туындаған қолайсыздықтар үшін өкінеміз. Билетті қайтару және қайта брондау туралы сұрақтар бойынша әуекомпанияның Көмек орталығына хабарласып, рейсттің мәртебесін ресми сайтынан тексеруді сұраймыз", - делінген баспасөз хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064879-frankfurt-auezaiyndagy-ereuilge-bailanysty-astanadan-usatyn-reis-oryndalmaidy/

pixel