jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ШҚО-да паллас мысығы 9 жылдан кейін камераға түсіп қалды (фото)

Паллас мысығы
Паллас мысығы. Фото: pixabay.com

ШҚО-да манулдар (паллас мысығы) 9 жылдан кейін камераға екінші рет түсіп қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қатонқарағай ұлттық табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық парк мәліметінше, осыдан 9 жыл бұрын, 2015 жылы паллас мысықтары алғаш рет парк камераларына түсіп қалған.

Табиғи парк өкілдерінің сөзінше, бұл - Аршаты орман шаруашылығында түсірілген алғашқы және жалғыз кадрлар болған.

"Кейін сілеусін мен барыс камераға түсіп қалды, бірақ кішкентай және жабайы мысықтардың кадрлары болмаған еді.

Енді міне, паллас мысығы да қайтадан кадрға ілінді. Біз бұл тамаша жаңалықты оқырмандарымызға бірінші болып бөліскенімізге қуаныштымыз", - деп жазды ұлттық табиғи парк мамандары.

ШҚО-да паллас мысығы 9 жылдан кейін камераға түсіп қалды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.