Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан тұрғынның ісі бойынша сот процесі басталды

Опубликовано:

Сот залынан
Сот залынан. Фото: NUR.KZ

Қарағандының Әлихан Бөкейхан аудандық сотында жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамның ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алдын ала тыңдау сағат 10.00-ге белгіленді. Алайда сотталушы сот залына күзетпен 11.12-де ғана жеткізілді.

Сот отырысы басталмас бұрын жәбірленушінің адвокаты Бағдат Хасенов журналистерге қайта сараптама жүргізуді сұрайтынын, ол қорғауындағы азаматқа келтірілген жарақаттың ауырлығын анықтау керегін айтты. Адвокаттың айтуынша, жәбірленушінің денсаулығына қатты зақым келген.

"Қайталама сараптама жариялаймыз немесе сарапшының шығарылған қорытындысын түсіндіру үшін маманды шақырамыз. Негізінде бұған заңда тыйым салынбаған. Жәбірленушінің денсаулығына қатысты мән-жайлар бар, соның негізінде моральдық зиян келтірілген. Біз соманы әлі жариялаған жоқпыз.

Оны шынайы кешіргені басқа мәселе, өз ісі. Алайда мұрнын түзету үшін тағы бір ота жасатуға тура келеді. Мұның бәрі кейін де денсаулығына әсер етуі мүмкін. Өйткені соққылар айтарлықтай қатты, денсаулығына ауыр зиян келтірген", - деді жәбірленушінің адвокаты Бағдат Хасенов.

Сондай-ақ, жәбірленуші сотталушыға моральдық зиян үшін өтемақы төлейтін болса, кез келген уақытта онымен татуласуға дайын екенін атап өтті.

Әзірге жәбірленушінің өзі жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ. Ол сотталушының туыстары ауруханаға келіп, кешірім сұрағанын жеткізді. Сотталушы сотта айыптау актісін алмағанын және онымен танысуға үлгермегенін айтты. Судья Бақтияр Ақанов негізгі сот отырысын 13 наурызға белгіледі.

Айта кетейік, сотталушыға Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша айып тағылған. Бірақ бастапқыда бұзақылық сипатта денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, ол үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы қарастырылған болатын.

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылуы

27 қаңтарда желіде Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан сәтінен видео тараған еді. Өңірлік полиция өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады.

Кейін оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдіріп, зардап шегушінің жағдайын айтты.

Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдірді.

29 қаңтарда күдіктіге іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев жедел-жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер дамды тез арада табуды және оның сотын ашық жүргізуді талап етті.

1 ақпанда Бас прокуратура күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Кейінірек Ішкі істер министрлігі күдіктінің ұсталған сәтінен видео жариялады.

Ал 2 ақпан күні жарақат алған жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан ер адамды сотқа бермейтінін айтып, "хайп қуды" деп айыптағандарға жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064906-qaragandyda-zedel-zardem-zurgizusisin-soqqyga-zyqqan-turgynnyn-isi-boiynsa-sot-procesi-bastaldy/

pixel