Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жедел жәрдем шақыру квестке айналды": Алматы облысында ауыл тұрғындары интернетсіз отыр

Опубликовано:

Ұялы байланыс
Ұялы телефон ұстап тұрған адамдар Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысындағы Жүнісбай Қайыпов ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері интернетсіз және ұялы байланыссыз өмір сүріп жатқанын айтып шағымданды. Әкімдік ауыл тұрғындарын сабырға шақырды, деп хабарлайды Алматы телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жүнісбай Қайыпов ауылының 3 мыңнан астам тұрғыны осы мәселемен жылдар бойы күресіп келеді. Олар әлемдегі оқиғалардан бейхабар отыратынын айтты. Балалар сабаққа дайындала алмайды. Ал жедел жәрдем шақырудың өзі бір үлкен шытырманға толы квестке айналады дейді.

"Келінімнің толғағы келе бастағанда, жедел жәрдем шақыру үшін тасжолға шығуға тура келді, көрші Қазақстан ауылында интернет бар, ал бізде жоқ, яғни тасжолдың арғы бетінде бар да, бергі бетінде жоқ! Неге бізді алалап отыр?" – деп көмек сұрады Жүнісбай Қайыпов ауылының тұрғыны Мәкен Жылқыбай.

"Әртүрлі жағдай болады: біреу ауырып жатады, оған көмек керек болуы мүмкін. Мұндай сәттерде үйдің, қораның шатырына шығып немесе терезенің түбіне тұрып интернет іздеуге тура келеді. Балалар онлайн оқи алмайды. Ондай күндері тек демалысқа жібереді. Байланыстың жоқтығынан балалар үшін алаңдайсың, хабарласып, қайда екенін біле алмайсың", - дейді тағы бір тұрғын Нұрәлі Рахымжанов.

Шенеуніктердің айтуынша, олар мәселеден хабардар және қазір 50-ге жуық елді мекенді интернетке қосу жобасы әзірленіп жатқанын айтып түсіндірді. Ұялы байланысқа келсек, әкімдік ұялы байланыс операторларына тұрғындардың қолы қойылған тиісті хаттарды жібергенін айтады.

"Бәрі де базалық станцияның қуатына байланысты. Мұндай станция Қазақстан мен Ащыбұлақ ауылдарында бар, бірақ Қайыпов ауылында жоқ. Оны Ащыбұлақ ауылынан сатып алуға болады. Облыста 70-тен астам елді мекен бар. Биыл оның 50-ін интернетпен қамту жоспарланған. Соның ішінде Жүнісбай Қайыпов ауылын да қосамыз деп үміттенеміз", - деді Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Саят Болатбекұлы.

Аудан басшылығы ауылда биылдың соңына дейін интернет болады деп сендірді және тұрғындарды сабырға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064971-zedel-zardem-saqyru-kvestke-ainaldy-almaty-oblysynda-auyl-turgyndary-bailanys-pen-internetsiz-otyr/

pixel