jitsu gif

24 Қазақстан, 8 Байден және 1 Путин бар: есімі ерекше қазақстандықтар

Анасы жаңа туған сәбидің аяғынан ұстап тұр
Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда 2024 жылдың басында халық саны 20 миллион адам болды. Ranking.kz сарапшылары ел азаматтарына қандай ерекше есімдер қойылғанын анықтады.

Биылғы қаңтарда Қазақстанда ең танымал есімдер Медина мен Әлихан болды: елімізде 517 Медина мен 313 Әлихан бар.

Қыз балалардың ішінде Асылым (468 адам), Айша (436 адам), Айлин (387 адам) және Томирис (318 адам) есімдері де танымал. Ұл балалар есімдерінің ішінде ең танымал бестікке Мұхаммед (305 адам), Айсұлтан (238 адам), Мұхаммад (231 адам) және Алдияр (219 адам) кіреді.

Кейбір қазақстандықтар танымал есімдерден ерекше есімдерді артық көреді. Мәселен, ақпанның соңында елімізде Қазақстан есімді 24 адам тіркелген.

Қазақстандардың көбі Ақмола облысында тұрады: 7 адам. Астанада мұндай есімді тағы 5 адам, Қарағанды облысында 4 адам бар. Патриоттық есімге ие азаматтар Қостанай мен Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында да тұрады.

Кейбір қазақстандықтар баласына елдің атын емес, белгілі бір қалалардың атын қойғанды жөн көрген. Мәселен, қазақстандықтардың ішінде 24 Астана, 20 Алматы және 3 Шымкент бар.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында Семей атын иеленген 27, Атырау атын иеленген 15, Түркістан атын иеленген 15, Тараз атын иеленген 14, Ақтау атын иеленген 10, Ақтөбе атын иеленген 1, Талдықорған атын иеленген 1 адам бар.

Кейбір ата-ана баласына саяси тұлғалардың атын қойған. Мәселен, Қазақстан Республикасында 12 Қасым-Жомарт, бір Путин, бір Трамп және 8 Байден тұрады.

24 Қазақстан, 8 Байден және 1 Путин бар: есімі ерекше қазақстандықтар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.