Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"90 мың теңгеге алған": павлодарлық тұрғын өлшемі сай келмеген күртешесінің ақшасын қайтарып алды

Опубликовано:

200 теңгелік банкноталар
200 теңгелік банкноталар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодарда сатушы тұрғынға өлшемі келмеген күртешенің ақшасын қайтарғысы келмеген. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Басылымның жазуынша, 90 мың теңгеге күртеше сатып алған тұрғын Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Ол сатып алған күртешенің өлшемі сәйкес келмейтінін түсініп, 14 күнтізбелік күн ішінде тауарды қайтаруды ойлаған. Алайда сатушы тауарды айырбастап беруден де, қайтарып алудан да бас тартқан.

Департамент өкілдері тұтынушыға сотқа дейінгі шағымды дайындауда құқықтық көмек көрсеткен. Нәтижесінде күртеше ақшасы қайтарылған.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 14-бабына сәйкес, сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауарды алған кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды басқа өлшемдегі, пішіндегі, түстегі, не болмаса тараптардың келісімімен басқа тауарға айырбастауға құқылы", – деді департамент өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065086-pavlodarda-satusy-klienttin-aqsasyn-qaitarudan-bas-tartqan/

pixel