jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қызылордада қоғамдық көлікте жігіттер қыздарға ерекше сыйлық таратты (видео)

"Көңілді автобус" акциясы
"Көңілді автобус" акциясы: instagram.com/qyzylorda_qalasy_akimdigi

Қызылордада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған "Көңілді автобус" акциясы нәзік жандылардың көңілін жадыратты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық әйелдер күніне "Көңілді автобус" акциясын Қызылорда мәдениет және спорт бөлімі мен облыстық телеарна бірігіп ұйымдастырған.

Жігіттер қауымы қоғамдық көлікте гитарамен ән айтып, жолаушыларғы мерекелік көңіл-күй сыйлаған.

Бұдан бөлек ұйымдастырушы жігіттер автобуста отырған қыз-келіншектер, аналар мен әжелерге тақия сыйға тартқан.

Күтпеген сый нәзік жандылардың көңілін жадыратқанын видеодан аңғаруға болады.

Желі қолданушылары да бұл акцияны қолдайтындарын жеткізді.

"Күшті", "Жарайсыңдар", "Ешқайда шықпап едім, бұндайға қуанып қалар едім", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Қызылордада қоғамдық көлікте жігіттер қыздарға ерекше сыйлық таратты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.