jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанның үш өңіріндегі автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Алматы облысы
Көрнекі фото: pxhere.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстарындағы республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл жөнінде Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ өкілдері компанияның Telegram-дағы арнасында 10 наурыз сағат 08.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыстың республикалық маңызы бар 4 автожолында көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жазды.

  • Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 118 км болатын бір автожолда автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілген. Жол қозғалысы Қызылорда – Павлодар тас жолының Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейінгі аумағында шектелген.
  • Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 км болатын бір автожолда автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілген. Жол қозғалысы Жезқазған – Петропавл тасжолының Ұлытау облысы шекарасы мен Арқалық қаласына дейінгі аумағында шектелген.
  • Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 543 км болатын екі автожолында ауа температурасының нөлден төмендеуі, жаңбыр, көктайғаққа байланысты көлік қозғалысы шектелген.
  1. Жезқазған – Петропавл тасжолының Жезді ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аумағы автокөліктің барлық түріне шектеу енгізілген.
  2. Қызылорда – Павлодар тасжолының Жезқазған қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аумағында автокөліктің барлық түріне шектеу енгізілген.

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 265 техника және 285 адам жұмыс істеп жатыр.

Қазақстанның үш өңіріндегі автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.