jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақмола облысында оқушы қыз туған жердің исі аңқыған әтір ойлап тапты

Оқушы қыз қолына өзі шығарған тірді ұстап отыр
Туған жердің иісі шығатын әтір шығарған Альбина Айдарханова. Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы Кеңес ауылының 5-сынып оқушысы Альбина Айдарханова ұстазымен бірге жусан исі аңқыған әтір шығарды. Әтірге "Елім-ай" деген атау берілген, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерекше әтір жасауға оқушы қызды Сұлтан Бейбарыс туралы аңыздағы "Жусанда туған жердің иісі бар" деген қанатты сөз шабыттандырған екен. Альбина Айдарханова әтір жасау барысында қазақтың ежелгі шығу тегін зерделеген.

Ол өз жұмысында табиғи ингредиенттерді пайдаланған. Парфюмерия жасауда негізгі өнім ретінде туған өлкенің қасиетті жұпарына айналған жусан қолданылыпты.

"Біз үй жағдайында әтір жасау тәсілдерін зерттедік. Алған білімдерімізді практикада қолдану барысында жусанның сан түрін анықтадық. Егер әтірдің негізгі нотасы ретінде гүлдер қолданылса, біз оның орнына қарапайым жусанды таңдадық.

Себебі оның тұнбасы тәбетті жақсартады, асқазан-ішек жолдарының қызметін нығайтады, жүйке жүйесін тыныштандырады, түрлі шаншу мен құрысуларды, ауырсынуды басады, тіпті тыныш ұйқыға септігін тигізеді", – дейді жоба жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Жұпар Ахметова.

Хош иіс "Елім-ай" деп аталады. Жас өнертапқыштың айтуынша, әтірдің атауы еліміздің мәдениетіне деген сүйіспеншіліктен туған.

Ақмола облысында оқушы қыз туған жердің исі аңқыған әтір ойлап тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.