Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

23 жылдан бері Алматы хайуанттар бағында жұмыс істейтін әйел қызықты жайттар туралы айтып берді

Опубликовано:

Назгүл Елдеева
Хайуанаттар бағының қызметкері Назгүл Елдеева. Фото : massaget.kz / Болат Айтмолда

Алматы хайуанаттар бағында түрлі аң-құс бар. Жыртқыш құстар бөлімінде басшы қызметін атқаратын Назгүл Елдеева жұмыстың қызығы мен қиындығы туралы айтып берді. Бұл туралы massaget.kz-ке сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Түрлі салада қиындығына қарамастан еңбек етіп жүрген нәзік жанды арулар бар. Солардың бірі – 47 жастағы Назгүл Елдеева. Ол 2001 жылдан бері Алматы хайуанаттар бағында жұмыс істейді:

"Содан бастап құстарға деген ерекше махаббатым ашылды. 2002 жылы жыртқыш құстар бойынша зоотехник лауазымына ауыстым. Ал 2008 жылы инкубация бойынша аға маман қызметіне көштім. Сол жылы қарашадан бастап қазірге дейін жыртқыш құстар бөлімінде басшымын", - дейді ол.

Қоқиқаз
Қоқиқаз. Фотосурет: massaget.kz/ Болат Айтмолда

Хайуанаттар бағында жұмыс істеген 23 жылға жуық ішінде Қызыл кітапқа енген бүркіт, құмай, лашын, қоқиқаз секілді құстардың көбеюіне үлес қосқан. Осылайша, 300-ге жуық балапан жұмыртқа жарып шыққан.

Назгүл Елдееваның айтуныша, бұл жұмыстың да қиындығы көп, себебі жыртқыш құстарды адамға қанша үйреткенімен, қауіпті сәттер болады екен.

"Әр жұмыстың өз ауыртпашылығы, қиындығы болады. Жыртқыш құстармен жұмыс істеу техника жағынан қауіпсіз, дегенмен жыртқыш құс болған соң оларды қанша қолға үйреткенмен, өз жыртқыштығын көрсетіп жатады", - дейді ол.

Бүркіт
Бүркіт. Фотосурет: massaget.kz / Болат Айтмолда

Назгүл Елдеева тіпті кейбір құстар қызғаныштан балапанын жарып тастайтынын да айтты. Мұндай кезде зообақ қызметкерлерінің еңбектері орасан.

"Жұмыс барысында түрлі оқыс жағдайлар болып жатады. Әсіресе, құстар жұмыртқалайтын кезінде зообаққа келушілер, қонақтар ұяда жатқан құстарды мазалап, тас лақтырады. Сондай уақыттарда құстар жұмыртқа баспай тұрып кетеді немесе қызғаныштан жұмыртқаларын сындырып тастайды. Мұндай жағдайда біз жұмыртқаларды аман алып қалу үшін инкубаторға салып, жасанды жолмен көбейтеміз", - деді ол.

тотықұс
Тотықұс. Фотосурет: massaget.kz / Болат Айтмолда

Зообақ қызметкері кейбір құстардың шетелден әкелінетінін айтады.

"Тағы бір қызық жағдай болған. 1997 жылы Чехиядан 2 бас ақбас субүркіт әкелінді. Жыныстары аталық және аналық болды. Олар уақыт өте жұмыртқа баспады. Қисынсыз жағдай болған соң біз олардың жынысын анық белгілеу мақсатында қауырсындарын зертханаға тексеріске жібердік. 2 құс та аталық болып шықты. Кейін бір аталықты Франциядан аналыққа айырбас жасап алдырдық. Қазіргі таңда бұл құстар өз балапандарын өсіріп көбейіп жатыр. Осындай да жағдайлар болып тұрады", - деп түйіндеді жыртқыш құстар бөлімінде басшы қызметін атқаратын Назгүл Елдеева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066076-23-zyldan-beri-almaty-xaiuanttar-bagynda-zumys-isteitin-aiel-qyzyqty-zaittar-turaly-aityp-berdi/

pixel