Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға ресейлік мұғалімдер келіп жұмыс істейтіні рас па

Опубликовано:

мектеп
Мектеп. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстандағы Ресей қаржысына салынған мектептерде ресейлік мұғалімдер жұмыс істейді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұған дейін желіде Ресейден келген мұғалімдер Қазақстанда РФ қаражатына салынатын мектептерде жұмыс істейді деген ақпарат пайда болған еді.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сілтемеге өтсеңіз, ресейлік тарап ақпаратты өшіріп тастағанын көресіз. Әлеуметтік желідегі ақпарат жалған", – деді Смадияров.

Алайда ол Ресей Қазақстанда шынымен де мектеп салатынын растады.

"Тек қазақстандық мамандар болады, ол жерде ресейлік мұғалімдер болмайды. Олар (ресейлік тарап – ред. ескертпесі) тек мектеп салады", – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066400-sim-okili-qazaqstanga-reseilik-mugalimder-kelip-zumys-isteidi-degen-aqparatqa-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel