Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды

Опубликовано:

Түркістан облысындағы шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары
Түркістан облысындағы шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары. Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды. Мамандардың айтуынша, облыс аумағындағы 352 шақырым жерге дәрі себіледі, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркістан облысында шіркейге қарсы дезинсекциялау жұмыстары Сырдария өзенінің бастауынан басталды. Мамандар облыс аумағындағы 352 шақырым Сырдария өзенін 6 аймаққа бөліп, әрбір 60 шақырымын дәрілемек.

Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары
Сырдария өзенінің бастауы. Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сондай-ақ олар дәрілік заттың төрт түлік малға, балық пен өзге тіршілік иелеріне қауіпсіз екендігін атап өтті.

Шіркейге қарсы дәрі
Шіркейге қарсы дәрі. Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шіркейлердің дернәсілдерімен күресу үшін дәрілерді суға жіберу әдісі, ал су қорғау және далалық аймақтарда химиялық өңдеу әдісі қолданылмақ.

Дезинсекция жұмыстарының өңдеу алаңы, дәрінің көлемі - ғылыми сүйемелдеудің қорытындысына сәйкес жүргізілуде. Биыл 8 ақпаннан бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген болатын. Аталған бағыттағы жұмыстарға 42 техника мен 96 жұмысшы күші жұмылдырылған.

Түркістан облысындағы шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары
Түркістан облысындағы шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары. Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазіргі таңда облыста шіркейлерге қарсы дәрілеу жұмыстарын мердігер «Satti Tulik» ЖШС-і жүргізуде. Дезинсекция жұмыстарына әуе ұшағы, арнайы көліктер мен мамандар тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066436-turkistan-oblysynda-sirkeige-qarsy-darileu-zumystary-bastaldy/

pixel