jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда қалың қар жауады деп күтіледі: ТЖД қала тұрғындары мен туристерге үндеу жасады

Жолда келе жатқан көлік. Көрнекі сурет
Жолда келе жатқан көлік. Көрнекі сурет: pixabay.com

12 наурыздан 13 наурызға қараған түні Алматыда және таулы аймақтарда қатты жаңбыр, қалың қар жауып, жел соғады күтіледі. ТЖД өкілдері азаматтардан тауға шықпауды сұрады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер 13 наурызға қараған түні Алматыда, сондай-ақ таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болады деп болжады. Таулы аймақтарда найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын тауға шықпауға шақырды.

"Егер сіз қазір таулы аймақта болсаңыз, кешке дейін қалмай, үйге қайтуды сұраймыз", - деп ескертті мамандар.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда үш күн қатарынан қар жауатыны хабарланған еді.

Алматыда қалың қар жауады деп күтіледі: ТЖД қала тұрғындары мен туристерге үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.