Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бір облысында су тасқыны болуы мүмкін: синоптиктер ескерту жасады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Өзен
Өзен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктердің болжамынша 14-16 наурыз аралығында күн жылынып, Батыс Қазақстан облысындағы кей елдімекендерді су басу қаупі бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"2024 жылғы 14-16 наурыз аралығында ауа температурасының жоғарылауына байланысты Батыс Қазақстан облысында қардың қарқынды еруі, еріген ағынды судың көбеюі, мұздың еруі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Салдарынан су тасқыны болуы мүмкін", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Өңірде дауылдық ескерту жарияланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірнеше облысында дауылдық ескерту жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066979-qazaqstannyn-bir-oblysynda-su-tasqyny-boluy-mumkin-sinoptikter-eskertu-zasady/