jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

"Су басу қаупіне әкеледі": синоптиктер ескерту жасады

Қар суы алып жатқан ауыл көшесі
Су алып жатқан көше. Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

"Қазгидромет" РМК өкілі наурыздың соңына дейін өңірлерде қар қарқынды түрде еритінін ескертіп, су басу қаупі төніп тұрғанын хабарлады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров брифингте елімізде қар жамылғысының ауданы 72 пайыздан 66 пайызға дейін азайғанын айтты.

16-19 наурыз аралығында күн райы жауын-шашынсыз болып, температура жоғарылайды деп болжанып отыр. Наурыздың үшінші онкүндігінде батыс өңірлерді есептемегенде, Қазақстанның басым бөлігінде қар, бұрқасын, екпінді жел күтіледі.

"Қазгидроме" мамандарының бағалауы бойынша наурыздың соңына қарай ауа температурасының фоны көтеріліп, бұл қардың қарқынды еруіне және су басу қаупіне әкеледі.

Сонымен қатар Ресейге шекаралас аймақтарға, атап айтқанда, Жайық өзені мен оның салаларына, Тобылдың алаптарына ерекше назар аудару қажет. Қазір Орынбор және Челябі облыстарында, сондай-ақ Башқұртстан Республикасында жиналған қар көлеміне байланысты қолайсыз су тасқыны жағдайы қалыптасты", – деді Саиров.

Оның айтуынша, гидрологиялық мониторинг 377 гидрологиялық бекетте жүргізіледі.

"Су басу қаупіне әкеледі": синоптиктер ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.