jitsu gif

"Білімді болғанын қаладық": Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сәбидің тұсауын кесті

Нұрлан Ноғаев
Нұрлан Ноғаев тұсау кесті. Фото: mangystaumedia.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сәбидің тұсауын кесіп, батасын берді. Бұл туралы mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

30 мыңнан астам адам жиналған Отпан таудағы Амал мерекесін (көрісу күні - авт.ескерт) тойлау кезінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сәбидің тұсауын кесіп, батасын берді.

"Қазақта бала мінезі мен ұстанымы оның тұсауын кескен адамға тартады деген сенім бар. Біз баламыздың болашақта өз орнын тауып, талантты да білімді жан болуын қалағандықтан, өңір басшысына тұсауын кестірейік деп шештік", - дейді баланың анасы.

Осы іс-шарада тағы да 4 баланың тұсауы кесілді. Тұсау кесу рәсіміне жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Әмин Тұяқов та қатысты.

Бүлдіршіндердің тұсауы кесіліп, алғашқы қадамдары жасалған соң, сәбилерге ақ бата берілді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.