jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Наурыз-сәуірдегі жауын-шашын: Астана әкімі су тасқынына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты

қар тазалау
Қар тазалау жұмысы. Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада су тасқынына дайындық жұмыстары басталып кетті: биыл қар былтырға қарағанда екі есе мол жауған. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбекке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қалада су тасқынына дайындық жұмыстары басталып кеткенін Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Қала басшысының айтуынша, биыл қыста қар ерекше мол жауған. Мәселен, өткен жылдың осы кезеңінде 3 млн 800 мың текше метр қар шығарылса, биылғы қысқы маусымда 6 млн 200 мың текше метрден астам қар шығарылды.

"Қазгидромет" болжамы бойынша, наурыз бен сәуір айларында да жауын-шашын мол жауады. Жалпы, жыл басынан бері жауын-шашын мөлшері нормадан 2 есе көп болды. Осыған байланысты қалада су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатыр", – дейді Жеңіс Қасымбек.

Әкім келтірген мәлімет бойынша, өткен жылдармен салыстырғанда су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны 20-ға дейін азайды. Олар Алматы ауданындағы 5 учаске, Байқоңырдағы 4 учаске, Нұрадағы 6 учаске, Сарыарқадағы 3 учаске, Есіл ауданындағы 2 учаске.

"Қазіргі уақытта шамамен 45 мың метр бойынан астам арық-науа желісі, 2 мыңға жуық бақылау және жаңбыр қабылдайтын құдық тазартылды, 8 мың метр бойына жуық коллектор жуылды.

Сонымен қатар "Нұра-Есіл" каналы мен "Майбалық" көлі арасында орналасқан каналды қардан тазарту жұмысы, нөсерлі кәріз жүйелеріне заңсыз кірме жолдарды анықтау және т.б. жүргізіліп жатыр", – деді әкім.

Әкім осы жұмыстар жүргізіліп жатқанын, азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және т.б. тұрақты дайындықта екенін, елді мекендер мен су тасқыны қаупі бар учаскелерге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Наурыз-сәуірдегі жауын-шашын: Астана әкімі су тасқынына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.