Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, боран: еліміздің төрт облысында жолдар жабылды

Жарияланған күні:

Көлік қозғалысы
Көлік қозғалысы. Көрнекі сурет: Harald Tittel/picture alliance via Getty Images

14 наурыз сағат 22:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыстағы республикалық маңызы бар 12 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық операторының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу облыстарындағы бірқатар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілген.

  • Алматы облысында жалпы ұзындығы 589 шақырым блатын 7 автожолда шектеу енгізілді. Олар:
  1. "Алма-Тау" турбазасына кіреберіс жолда жүк және қоғамдық көліктер қозғалысы шектелген;

2. Алматы – Шелек – Қорғас тасжолының Байсерке кентінен Шонжы айрығына дейінгі аумағы;

3. Алматы – Ташкент – Термез тасжолының Жаңақұрылыс кентінен Жамбыл облысы шекарасына дейінгі аумағы;

4. Алматы– Өскемен тасжолының экологиялық бекеттен Қонаев қаласы аралығындағы аумағы;

5. Екатеринбург –Алматы тасжолының Күрті ауылынан Шамалған кентіне дейінгі аумағы;

6. Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас тасжолының Шелек ауылынан Шонжы ауылына дейінгі аумағы;

7. Көкпек – Кеген – Түп тасжолының Аласа асуынан Кеген ауылына дейінгі аумағы. Бұл учаскелерде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген.

  • Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайтын бір автожолда қар көшкіні қаупі төнгендіктен көліктің барлық түріне шектеу енгізілген:

1. Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатон – Қарағай – Рахман қайнарлары тасжолының Ушановскок ауылынан Алтай қаласына дейінгі аумағында.

  • Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 150 шақырым болатын 2 автожолда Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін қозғалықса шектеу енгізілген:
  1. Алматы – Ташкент – Термез автожолының Алматы облысы шекарасынан Қордай ауылына дейінгі аумағында;
  2. Алматы – Ташкент – Термез автожолының Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аумағында.
  • Жетісу облысында жалпы ұзындығы 210 шақырым болатын 2 автожолда қар мен боран салдарынан автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген:

1. Алматы – Өскемен тасжолының Қонаев қаласынан Талдықорған қаласына дейінгі аумағында.

2. Сарыөзек – Көктал автожолының Алтын Емел асуы (мердігер"РСУ-1" ЖШС) аумағында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068590-kun-raiynyn-nasarlauyna-bailanysty-elimizdin-tort-oblysynda-kolik-qozgalysyna-sekteu-engizildi/