jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Досаев Сайын көшесі мен жол айрығының құрылысы қашан аяқталатынын айтты

Жол жөндеу белгісі
Жол жөндеу белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы Саин көшесінің құрылысы және Сайын мен Мөңке би қиылысындағы жол айрығының құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ерболат Досаевтың Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімінің айтуынша, Сайын көшесін салу жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегінде аяқталады.

"Ал биыл жыл соңына дейін Мөңке би көшесіндегі көлік айрығының құрылысы аяқталып, нәтижесінде қаланың негізгі магистральдық көшелерінен, соның ішінде Рысқұлов даңғылы, Сайын және Момышұлы көшелері мен аудандық маңызы бар көшелерде көлік жүктемесі айтарлықтай азаяды", - деді Ерболат Досаев.

Еске салайық, былтыр сәуірде Алатау ауданының тұрғындарымен өткен кездесулердің бірінде Ерболат Досаев Сайын көшесіндегі жұмыстар 2023 жылдың желтоқсан айында, ал Сайын мен Мөңке би көшелерінің қиылысындағы жол айрығының құрылысын аяқтау 2024 жылдың екінші тоқсанына жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Сол кезде Алматы әкімі осы кездесудегідей жұмыстардың нәтижесінде қаланың басты көшелерінде, яғни Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің бойында, сондай-ақ аудандық маңызы бар көшелерінде көлік ағыны айтарлықтай азаятынын атап өткен еді.

Досаев Сайын көшесі мен жол айрығының құрылысы қашан аяқталатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.